Аудан: Байғанин
Марапаттар
2011 — "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотаымен", "Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен", "Қазақстан Парламентіне 10 жыл" мерекелік медалімен, "Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен" марапатталған
(14.11.1946 ж) Жазушы. Қостанай облысында дүниеге келген. Балалық, жасөспірім шағы Байғанин ауданында өткен. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін республикалық газет-журнал басылымдарында қызмет істеді. Жазушының «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімесі 1972 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының оннан астам кітабы жарық көрді. «Бар болғаны он төрт жас», «Ғашық болу бақыты», «Құм киесі» т.б. повестері балаларға, ауыл өміріне арналған. Орыс тілінде «Плато голубых цветов», «Чаша печали», «На тверди земной» (2001) атты кітаптары шықты. Швед жазушысы Мария Грипенің «Эльвис Карлсон» повесін, В.Шукшин, А.Головко, А.Пацюс, тағы басқа жазушылардың шығармаларын аударған. «Ол дәурен бір көрген түс», «Құм киесі» секілді шығармаларында Жем, Сағыз өңірінің тарихына байланысты оқиғаларды баяндаған. Қазақстан Жазушылар Одағы және Журналистер Одағының мүшесі.