Аудан: Байғанин
1941 жылы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Жарқамыс орта мектебін тәмамдаған. 1965 жылы Тараз қаласындағы технологиялық институтты бітіріп, «инженер – технолог» мамандығын алып шығады. Ақтөбе облысының астықты аудандарындағы элеваторларында инженер – технолог болып қызмет жасаған. Жұмыс бабымен Жамбыл облысына ауысқан. Зейнеткерлікке шыққаннан бері Астана қаласында тұрады. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Басқа салада жүрсе де қолынан қаламын тастамай, жемісті еңбек етті. «Өмір сыры» атты прозалық шығармалар жинағы және «Қанағат», «Шырғалаң» романдары көпшілікке танымал. Байғанин ауданының құрметті азаматы.