Аудан: Ойыл
Марапаттар
2011 — 2 дәрежелі "Барыс" ордені
Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы - экономика ғылымдарының докторы. 80 астам ғылыми мақала мен еңбектің, оның ішінде "Адами даму концепсиясының негізіндегі аймақтың еңбек әлеуетін стратегиялық жоспарлау" басылымының, "Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару оқулығының авторы. 1990-1992 жж.-ҚР білім министрінің орынбасары. 1995 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 1996 жылы Ақтөбе қаласының әкімі. 2002 жылдан-ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 2004-2011 жж. Ақтөбе облысының әкімі. 2012 жылдан бастап Ақтөбе облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі. Марапаттары: "Құрмет", ІІ-дәрежелі "Барыс" ордендері; ІІ-дәрежелі әулие Сергей Радонежский орденімен; медальдармен, оның ішінде "Ерен еңбегі үшін" (РФ); "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының "Ана тілі" құрмет белгілер. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жыл әкімі (2006, 2009). Қазақстан Құрметті жолсалушысы. 1985-2005 жылдары Ақтөбе облысы Бокс федерациясының Президенті болды.