Аудан: Ойыл
Марапаттар
2013 — "Ерен еңбегі үшін" медалі
Шалабаев Тыныштыбай 1942 жылдың 1 мамырында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, Семей зоотехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын Ойыл аудандық қамтемелеу бөлімінде есепші қызметінен бастап, аудандық «Ойыл» газетінде бөлім меңгерушісі, 1985 жылы аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, Ойыл совхозы партия комитетінің хатшысы, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ал 1991 жылы аудандағы Социалистік партияның төрағасы, аудан әкімшілігінде, аудандық мәслихатта бөлім меңгерушісі болып жасап, зейнеткерлікке шыққан, одан кейінде «Ойыл» газетінде тілші, редактордың орынбасары қызметтерін жасаған, қазір Қазақстан Журналистер Одағы аудандық бастауыш ұйымының хатшысы, «Семей зардабы-Мен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қоғамдық қызметтерін атқарып келе жатырған, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Еңбек ардагері» медалдарымен марапатталған.
Шалабаев Тыныштыбайға «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағы беруді Қазақстан Республикасы мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитеті және бір топ Ақтөбе өңірінің зиялы азаматтарының ұсынысған.