Ақтөбе ірі орталыққа айналады.

28.09.2017
Error 2

Бисенғали ТӘЖИЯҚОВ, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Интертич» денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру қазақ корпорациясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі: Биыл Ақтөбе облысының 85 жылдығы атап өтілетінін, облыста «Туған жер» республикалық форумы ұйымдастырылатынын естігенде ерекше қуандым. Мен туған жерім Ақтөбе өңіріне екі жылда бір барып тұрамын. Әке-шешем өсіп, өнген Байғанин ауданының мен үшін орны тіпті бөлек. Мен сонау 60-жылдары Ақтөбеден орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы есеп-несие техникумына оқуға түстім. Оқуымды аяқтаған соң туған жерге оралып, алғашқы қызметімді КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облысындағы Ембі бөлімшесінде несие инспекторы болып бастадым. Одан кейін КСРО Мемлекеттік банкінің Атырау, Қызылорда облыстарындағы басқармаларында жұмыс жасадым. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде, салық комитетінде басшылық қызметтер атқардым. Осылайша зейнеткерлікке шыққанға дейін елу жылға жуық уақыт қаржы және банк саласында еңбек еттім. Қазір зейнеткерлікте болғанмен бұл саладан қол үзіп кеткен жоқпын. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында директорлар кеңесінің мүшесімін. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан азды-көпті үлесім мен жемісті еңбегім үшін «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және 18 мерейтойлық медальдармен марапатталдым. Мұның бәрі менің еліме, халқыма жасаған қызметімнің жемісі, еткен еңбегімнің нәтижесі деп білемін.

«Туған жер» республикалық форумы — Ақтөбе облысынан шыққан белгілі тұлғалар мен белсенді азаматтардың басын қосатын, оларды игі бастамалар мен ізгі істерге бағыттайтын үлкен шара. Сондықтан жерлестер форумының біз үшін маңызы зор.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді көркейтуге, қоғам үшін игі іс жасауға үндеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары болашақта еліміздегі заманауи урбанистік, ірі орталықтар болатынын айтқан болатын.

Елбасы бастамаларын әрі қарай жалғастырып, елімізде «Туған жер» бағдарламасы аясында алғаш болып игі істерді қолға алып жатқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа жерлестер атынан айтар алғысым шексіз. Бүгінгі күні туған жерім, құтты мекенім — Ақтөбеде осындай үлкен шараның өтіп жатқанына қатты қуанып отырмын.

Өзінің туған жерінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.

Мен Ақтөбеге келген сайын оның көркіне, жаңа келбетіне қарап тамсанамын. Қазір Ақтөбе жыл санап жаңарып, өзгеріп жатыр. Зәулім үйлер салынып, небір көз тартар ғимараттар бой көтеруде. Сондықтан жерлестеріме туған жердің көркеюіне өз үлесімізді

қосып, Ақтөбенің өркендеуі жолында игі істерді жүзеге асырайық дегім келеді. Барлық жерлестеріме сәттілік, амандық тілеймін!

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме: http://www.aktobegazeti.kz/?p=58590

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс