АҚШ-тық профессор «Туған жер» жобасы аясында Ақтөбедегі медицина мекемесіне құны 15 млн болатын құрал-жабдықтарды тарту етті Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев медицина қызметкерлерінің «Политравма. Диагностика мен кешенді емделудің заманауи концепциялары» тақырыбындағы халықаралық конференциясының қатысушыларымен кездесті. Конференцияға АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия елдерінен келген профессорлар, хирург-дәрігерлер, травматологтар қатысты. Шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін травматология саласындағы отандық мамандар да келді. Конференция аясында ауыр патологиясы бар пациенттерге кеңестер беріліп, аты әлемге әйгілі мамандар көрнекі операциялар жүргізді. Кездесуді ашқан облыс басшысы конференция қонақтарына, сондай-ақ Қазақстанның тумасы, Сент-Луис қаласындағы Медицина университетінің ортопедия клиникасының басшысы - профессор Жолдас Құлжановқа мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Туған жер» патриоттық жобасына ат салысып, Жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөліміне 15 миллион тұратын құрал-жабдықтарды тарту еткені үшін алғысын білдірді.
Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...
Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор ...
28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...