Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов «Ақтөбе Ақпарат» ақпараттық орталығында брифинг өткізді.Қала әкімі БАҚ өкілдеріне Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттердің, ҚР Үкіметі шешімдерінің жүзеге асырылуы туралы, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттары, қала тұрғындары үшін лайықты тұрмыс және еңбек жағдайларын жасау жөніндегі басым бағыттар, проблемаларды шешу, даму перспективасы туралы айтып берді. Негізгі бағыттардың бірі 2020 жылға дейінгі уақытқа арналған «Ел Айна» тұжырымдамасы болып табылады. Тұжырымдама Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының мазмұнында жасалды. Бұл Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін Жол картасы секілді «Ақылды қала» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар: «Тиімді әкімдік», «Қауіпсіз қала», «Жайлы қала», «Интеллектуалды көлік жүйесі», «Ақылды қоғам», «Ақылды энергетика».
Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...
Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор ...
28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...