Жүректе жүрер естелік.

28.09.2017
Error 2

Кішкентай ғана Талдысай ауылының дәм-нәрі неміс кәсіпкері Виктор Розбергке әлі күнге дейін қуат беріп келеді. Ол шолақ өзеннің жағалауында өткен балалық шағын, оған қоса, әрине, ұшы қиырсыз кең даланы жиі есіне ала береді…

— Отан дегеніміз адам өмірге келген аймақтағы әйтеуір бір жағырапиялық нүкте ғана емес. Отан — өмір айдынына қадам басқан ыстық мекенің, қаншама дос тапқан аяулы өлкең, — дейді Виктор Розберг.

Біздің кейіпкеріміздің айтуынша, сондай-ақ  Отан дегеніміз — мектепте оқыған жылдарың мен өз түлектерін кейінгі еркін өмірге даярлап шығарған ұстаздарың.

— Тағы да жалғастырсам, Отан дегеніміз — еңбек жолымда өзіммен бірге жүрген, ғұмыр бойы есімнен кетпейтін менің әріптестерім, — деп мойындайды Виктор Эдуардович.

Қазір Виктор Розберг немістің Ганновер қаласында тірлік кешіп жатыр. Ол өзінің тарихи Отанына бұдан 22 жыл бұрын аттанған болатын. Әйтсе де туған жерге оралуын сирексіткен емес. Осы жылдардың барлығында да Виктор Розберг өз бизнесін тек қазақстандық кәсіпорындармен ұштастырып, тау-кен өндіретін салаларға қажетті құрал-жабдықтар жіберіп отырады.

— Өз достарыммен және әріптестеріммен күн сайын дерлік хабарласып отырамын. Сол себепті де өзім өскен аймақтағы болып жатқан жаңалықтарға әбден қанықпын, — дейді ол.

Бұдан бірнеше жыл бұрын Виктор Розберг 1967 жылы мектепті бірге аяқтаған сыныптастарымен кездесу ұйымдастырудың бастамашысы болды. Оқушылар мен ұстаздардың бас қосуы ерекше жылылықпен өтті. Туған ауылында өткен осы шараны жұрт әлі күнге дейін ықыластана еске алады.

—  Туған жерім туралы естеліктерім жеткілікті. Оларды жүрегімнің төрінде сақтап келемін. Расымды айтсам, Қазақстанда көрікті жерлер баршылық. Бұлар — бірнешеу, мысалы, Хромтау ауданындағы Қопа қыстағы, өзім институтта білім алған Алматы, әрине, аз ғана уақыт ішінде облыс орталығынан әлемдегі әсем қалалардың біріне айналған Астана, — дейді Виктор Эдуардович.

— Ақтөбелік жерлестеріме және барлық қазақстандықтарға тілейтінім — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығымен сенімді түрде осылайша алға баса беру. Мемлекет пен әр үйдің шаңырағына бақыт орнай берсін, — деді сөзінің соңында Виктор Розберг.

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме:http://www.aktobegazeti.kz/?p=58530

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс