Аудан: Ойыл
Мектеп: Уилская казахская СШ им. Н.Крупской , бітірген жылы 1959
Жоғары оқу орны: 1) Казахский государственный университет имени С.Кирова2)Алматинская высшая партийная школа -
Туған жер: п Карой Уилского р/н, Актюбинской обл, РК
Бақтыгереев Сырым 1942 жылы Ойыл ауданы Қызылқорған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын автоэлектрик қызметінен бастаған. Алматы ҚазМУ-ді (1967), Алматы партия мектебін (1982) бітірген. Журналистік қызметін 1965 жылы «Еңбек туы» газетінен бастайды. 1971-75 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Батыс Қазақстан облыстарындағы тілшісі. Республикалық баспаларда қызмет етті. ҚР парламенті Мәжілісінің Аппаратының Редакциялау және аударма бөлімінде консультант, сектор меңгерушісі. «Түлеген Ойыл өңірі» және «Ойыл» тарихи танымдық кітабінің авторы. «ҚР Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Ойыл ауданының құрметті азаматы.