Error 2
Қасымов Берік Жақсылықұлы
1968-08-20

Аудан: Әйтеке би

Туылған  жылы және туған жері: 20.08.1968 ж, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Білімі: жоғары Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1993)

Еңбек қызметі:

1993-1995 жылдары Әйтеке би аудандық ауруханасында дәрігер-хирург;

1996-19988 жылдары Ақтөбе қалалық ауруханасында дәрігер-хирург;

1998-2002 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасында дәрігер-хирург;

2002 жылы Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығына «жүрек-қан тамыр хирургиясы» мамандығынан аспирантураға түседі.

2006-2007 жылы жұмыс орнында мамандандырылу бағдарламасына сәйкес Астана қаласындағы Ұлттық Ғылыми Медициналық орталығының кардиохирургия бөлімінде қызмет атқарады.

2007 жылы екі айлық білім жетілдіру бағдарламасын Израиль мемлекетінің Тел-А-Шомер клиникасында өтеді. 2008 жылдан Ақтөбе қаласына оралып, мемлекеттік бағдарлама бойынша ашылған Аймақтық кардиохирургия орталығына жұмысқа қабылданады. 2008 жылдан бастап кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі.

2008-2014 жылдар аралығында іскерлік дамыту бағытында бірнеше шетелдерде сапарда болған. Берік басқарған бөлімше ашылғаннан бері 1000-ға жуық жүрек ауруларымен ақауларда, жүрекке ота жасап, ересектер мен балалардың өмірін сақтап, араша болып келеді.

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс