Error 2
Дабылдина Кампит Хайроллақызы
1964-__-__

Аудан: Темір

Туылған жылы: 1964 жыл.

Туған жері: Қызылорда облысы, қазалы ауданы, Жаңақазан поселкесі.

Білімі: жоғары, 1986-1992 жылдары ақтөбе мемлекеттік медицина институтында емдеу ісі бойынша білім алған.

Еңбек жолы: 1981 жылы Қазалы ауданында селолық ауруханада тазалықшы;

                      1983-1986 жылдары облыстық онкологиялық диспансерде               

                      операциялық тазалықшы;

                      1992-1993 жылдары облистық клиникалық ауруханада дәрігер-

                      интерн;

                      1993 жылдан Темір аудандық орталық ауруханасында дәрігер-

                      гинеколог.

 

Еңбек өтілі:   24 жыл

 

Отбасылық жағдайы:  Жолдасы Дабылдин Біржан да дәрігер-хирург, 1 ұл,

1  қызы бар.

 

Тұлғалық қасиеттері: Адал әрі мейірімді, ұстамды, жауапкершілігі зор. Аудан, облыс көлемінде сұранысқа ие дәрігер. Бүгінгі күнге дейін 3000-нан астам баланың дүниеге келуіне себепкер болған, 3000-нан астам сәбидің кіндік-анасы. Табиғаттың келеңсіз жағдайларында шалғай елді мекендердегі жүкті әйел мен баланың денсаулығын сақтау үшін өз өмірін қатерге тігіп, көмек көрсеткені үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының марапаты мен медаліне ие болған. Жұмыс кестесінің ауқымдылығына қарамастан, тәуліктің кез-келген мезгілінде ана мен бала өміріне араша болған сәттері үшін аудан жұртшылығының ықыласына мен алғысына кенелген білікті маман, өз ісінің шебері.

 

Марапаттары:  «Пирагов» медалі, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және аудан әкімдігінің алғыс хаттары мен дипломдарының иегері.

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс