Аудан: Байғанин
(22.11. 1966 ж) Кемерши ауылында дүниеге келген. 1972-1983жылдар аралығында Абай атындағы совхоздың Жем орта мектебінде оқып, 1984 жылы Байғанин ауданы орталығындағы Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орта мектепті бітіреді. 1984-1988 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында оқып, оны үздік тәмамдаған. «Компонентер құрылысының құрмалас сөйлемнің семантикаграмматикалық сипатына қатысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми жұмысының бағыты – функционалды грамматика және түркология мәселелері. Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы Ермекова Тыныштық Нұрдаулетқызы – жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын даярлауға елеулі еңбек сіңіріп, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген тілші-ғалым.