Аудан: Байғанин
Мектеп: СШ Жем , бітірген жылы 1982
Туған жер: село Жаркамыс Байганинского района Актюбинской области
Жұмыс орны
— проректор по науке исследования и международным связям Атырауского инженерно-гуманитарного института
(14.04.1965ж) Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Саяси ғылымдар докторы, профессор. 1997 жылы академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және 1932-1933 жылдардағы ашаршылық» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылы саяси ғылымдарының докторы, профессор Сайын Борбасовтың жетекшілігімен «Саяси тұрғыдан жаңару – Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының шарты ретінде: политологиялық талдау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Халықаралық және республикалық басылымдарда 100-ге тарта ғылыми мақалалары мен 4 монографиялық еңбегі, 2 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Білім, ғылым және мемлекеттік қызмет орындарында еңбек етіп келеді. Бүгінде Атырау қаласында тұрады.