Аудан: Байғанин
(15.09.1935ж) Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті ғалымы, ұлағатты ұстаз, математика саласында тың жаңалықтарымен зор табысқа жетіп, ғылыми еңбегі шетел тілінде жарық көрген белгілі ғалым. 1957 жылы ҚазМУ-ды, 1963 жылы КСРО ҒА-ның Математика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Халықаралық бірінші дəрежелі Хорезми сыйлығының иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Негізгі ғылыми еңбектері функция және функционалдық теория тәсілдерін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге қолдану саласына, комплекс айнымалы функциялар теориясына арналған. Ол Никольский — Бесов кеңістігіндегі жалпыланған аналитикалық функциялар теориясын одан әрі дамытып, оның анализде, геометрияда және механикада қолдану аясын кеңейтті.