Аудан: Ойыл
Орынғалиев Аманқос 1947 жылы Ойыл ауданы Жетікөл ауылдық кеңесі аумағында дүниеге келген.
Еңбек жолын мектеп бітіргеннен кейін «Жетікөл» кеңшарында жұмысшы болып бастаған А.Орынғалиев, шаруашылыққа араласа жүріп өзін қабілетінің арқасында аудандық газеттің штаттан тыс тілшісі ретінде ертерек көрсетті. Осының арқасында 1967 жылы аудандық газетке қызметке алынып, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасаса 1972-1984 жылдары редактордың орынбасары қызметіне жоғарылатылды. 1984-1986 жылдары Алматы Жоғары партия мектебін оқып бітіргеннен кейін Ойыл аудандық партия комитетінде нұсқаушылық қызметке алынды. 1986 жылдан бері отыз жылдан астам уақыт бойы облыстық «Ақтөбе» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасап келеді.
Ойыл ынталы тобы мен «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 09.03.2017 ж. №158 ұсынысы негізінде ардагер журналист, елдің белгілі азаматы Аманқос Орынғалиевке қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткені үшін «Ойыл ауданының Құрметті азаматы» атағына ұсынылып отыр.