Аудан: Мұғалжар
Ембі қаласында дүниеге келген. Медицина ғылымының докторы, жоғары дәрежелі дәрігер. Экономика және бизнес бакалавры. 1988-1994 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында оқып, емдеу ісі мамандығы бойынша үздік диплом алған. Хирургия ісі жөніндегі ординатурадан өткен. 80 ғылыми еңбегі бар, солардың ішінде 10-ы патентке ие. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Стратегия және ғылым жөніндегі директоры. Білім беру, ғылым және инновациялық технологиялар сұрақтары бойынша жетекшілік етеді.