Аудан: Әйтеке би
Туылған жылы және туған жері: 1958ж, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылы
Білімі: жоғары, 1978-1982 жж. Ақтөбе музыкалық училищесі, 1982-1987 жж. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы
Еңбек қызметі:
1987 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген.
1987- 1997 жылдары Арқалық қаласы Торғай облыстық музыка колледжінде оқытушы.
1990-1992 жылдары Құрманғазы атындағы консерватория асперантурасында оқып бітірген.
1997-1998 Целиноград облысының музыка колледжі оқытушысы.
1997-2010 ж. Астана мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған оркестрінің бас концертмейстері.
1998 жылдан бастап Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында қазіргі ҚазҰӨУ-де еңбек етуде
Жетістіктер мен марапаттары:
1994 жылы ҚР Білім және ғылым министрінен марапаттау қағазы.
1996 жылы ҚР оқу білім үздігі,1998 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, 1998 жылы ҚазҰӨА-ның профессоры, 2007 жылы ЖАК доценті, 2011 жылы ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына төсбелгі (медаль)
Тұрар Әліпбаев 1984 жылы «Жігер» фестивалі, 1990 жылы «Құрманғазы» атындағы республикалық конкурстардың лауреаты.