Error 2
Алмағанбетова Дидар Айтбайқызы
1962-01-13

Аудан: Темір

Алмаганбетова Дидар Айтбаевна 1962 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген. Диплом бойынша мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1985 жылы Алматы  қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекетік педагогикалық институтынан аталған мамандық бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 1984 жылы Шұбарқұдық №1 орта мектебінен бастаған. 1984-2001 жылдары Шұбарқұдық  №1 орта мектепте, 2001 жылдан бастап Шұбарқұдық гимназиясының директоры лауазымдық қызметін атқарып әрі  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Осы еңбек еткен жылдарында ол өзін  ізденгіш, ісіне тиянақты, жауапкершілігі мол, еңбекқор қасиеттерімен көрсете білді.  

Д.Алмаганбетованың басшылығымен жұмыс жасаған гимназия ұжымының жыл сайынғы  Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы бойынша оқушылардың орташа ұпайы  аудан,облыс, республика деңгейінде жоғары нәтиже көрсетті.

Оқыту мен тәрбиелеу бағытындағы  жұмыстарды жандандыру барысында өз іс-тәжірибесін аудан, облыс, республика  деңгейіндегі конференциялар мен семинарларда тарата білді.  Педагогикалық және ғылыми  ізденіс бағытындағы баяндамалары мен сабақтары облыстық, республикалық  деңгейдегі баспасөз құралдарына ұсынылды.

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс