Аудан: Қобда
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.1985-1998 жж. «Ақырап» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, Исатай, Қобда ауд. партия комитетінің нұсқаушысы, ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, басқарма бастығының орынбасары. 1998-2007 жж. «Бестау» ЖШС директоры. 2007-2008 жж. облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдан «ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы» ММ бастығы. «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.