Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік отбасы Ойыл ауданы атынан пәтер алды

19.06.2017
Error 2

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында ақтөбелік көп балалы Ержанов Шегенбайдың отбасына Патоличев көшесі, 47 үйден 3-бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Он адамнан тұратын отбасы Махамбет ауданында Новостройка көшесінде тұрған, олардың үйі пайдалануға келмей қалды.

Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Жандос Баирханов, Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Шынтасова және басқалар қатысты.

Кілтті тапсырған Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, ауданда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге көмек көрсету жөніндегі жұмысқа белсене қатысып отырғанын атап өтті. Пәтерді облыстық мәслихаттың Ойыл ауданынан депутаты «Анвар» ЖШС директоры Талғат Салфиков су тасқынынан зардап шеккен отбасына алып берді.

Қорытындысында Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Жандос Баирханов су тасқынынан зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан көмек туралы қысқаша хабарлама жасап, ешкімнің де назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс