Алғашқы медициналық кластер Ақтөбеде құрылып жатыр

21.09.2017
Error 2
Сәлім БЕРКІНБАЕВ, медицина ғылымының докторы, профессор, республикалық кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының директоры:

— «Туған жер» Республикалық форумы сыртта жүрген ақтөбеліктердің басын қосады. Бұл  осы жерде туып, өскен, білім алған азаматтар үшін үлкен қуаныш. Себебі, осындай жиындарда көп нәрсені талқылауға, ойласуға мүмкіндік туады. Жалпы туған жеріме жиі келемін. Әр келген сайын жаңашылдықты байқаймын. Салынып жатқан құрылыстарға қарап, туған қаламның болашағының жарқын екеніне сенемін. Соңғы жылдары Ақтөбе медицинасында да жақсы жаңалықтар болып жатыр. Қазақстанда  бұрын-соңды болмаған, тәжірибеде қолданылып көрмеген медициналық кластер Ақтөбеде құрылып жатыр. Жергілікті дәрігерлердің бастамасына қарап отырып, Ақтөбе медицинасының  дами түсетініне сенімдімін. Осы өңірдің перзенті және дәрігер ретінде барлық бастаманы қолдауға, көмек көрсетуге  дайынмын. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты — республика бойынша осы саланың жетекшісі.  Бұл жерге еліміздің әр аймағынан науқастар келеді. Институт мамандары қай кезде де ақтөбелік дәрігерлермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Шеберлік сабақтарын өткізеді. Телемедицина арқылы кеңес береді. Қажет жағдайда ауыр науқастарды орталыққа алдыртады.  Форумға байланысты облыстық ауруханада үш шеберлік сабағын, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ауруханасында  бір шеберлік сабағын ұйымдастырамыз. Ауруханаларда дәрігерлер кеңес береді. Жалпы бұндай байланыс тек қана форум аясында емес,өзге уақытта да жалғаса береді.

Ал форумға келетін болсақ, жерлестерімнің бастамасына сәттілік тілеймін! Туған жерім  өркендеп, өсе берсін!

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме: http://www.aktobegazeti.kz/?p=58290

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс