Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні 300 орындық "Райгүл" балабақшасы пайдалануға берілді. Бұрын «Күзет» күзету мекемесінің ғимараты болған нысанды кәсіпкер 5 жылға жалға алып, 190 миллон теңгеге жөндеу жүргізген. Алдағы уақытта мемлекеттік тапсырысты орындап, балаларды тәрбиелейді. Балабақшада 25 топ болады. Оларға арналған спорт залы, музыка бөлмесі мен логопед, психологтар кабинеті бар. «Ақтөбе қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында балабақшалар салынатын болады. Биыл 11 жер телімі сатылды. Келер жылы тағы 15 жер телімі беріледі. Осы арқылы біз 2020 жылы балаларды толық бақшамен қамтамасыз етеміз»,- деді қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанова.
Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...
Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор ...
28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...