Туған жерде өркендеу!

26.09.2017
Error 2

Олег ГАЙДАНОВ, «Актюбинское землячество» РҚБ президенті,  мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Қазақстанға Тәуелсіздік күні туған ұлы күннен бері 26 жыл өтті. Бүгінде біз терең толқыныспен және мақтанышпен Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты деп айта аламыз. Қазақстанды оның қалыптасуы кезіндегі қиын жылдары қолдаған, болашағы үшін уайымдаған Қазақстан тумалары, жерлестер – бір ғана сөзбен және іспен қолдау көрсетті. Генерал ФҚҚ И. Лаптев, ғарышкер, Ресей Батыры және жұлдызды қалашықтың командирі Ю. Лончаков, жазушы, қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Р. Мир-Хайдаров, Е. Рысцова, Т. Бакланова және Г.Лория сияқты ақтөбеліктердің бастамасының арқасында Ресейде Қазақстанның  жалғыз ресми Аймақтық қоғамдық ұйымы деген мәртебесі бар қоғамдық ұйым дүниеге келді. Біздің бастамамыз өз қатарында кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстанның  қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды біріктірді. Соңғы он бес жылда біз Ресей мен Қазақстан арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға үлес қосқан, облыс басшылығы және жерлестермен байланыстамыз.

Біздің бірлескен ынтымақтастық болашақта да жалғаса береді деп сенімдемін. Қуантатын жайт, Ақтөбе облысының жерлестері қалаған қуатты іргетаста мемлекеттің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық базасы дамуда. "Туған жер"  республикалық  форумы, шын жүректен өзінің туып-өскен жерінің гүлденуін қалайтын Ақтөбе облысынан шыққан жүздеген танымал және табысты адамдарды жинайды. Мәскеу, Санкт-Петербург, Краснодар, Пермь, Германия және Израильдегі  Ақтөбеден шыққан жерлестер Қазақстанға шын жүректен бақыт, бейбітшілік, гүлдену және барлық асыл ойларының орындалуын тілейді. Біздің ынтымақтастық алдағы уақытта әр үйге береке және тыныштық, жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға және бейбітшілікке әкеледі!

 

 

 

 

 

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс