Ер-азамат туған жерін ұмытпауы тиіс.

28.09.2017
Error 2

Болат ЖАНАСАЕВ, Әскери генерал-лейтенант:

— Ел жақтан осындай форумның өтетінін естіп, артынша шақырту түскенде, қуанышымда шек болған жоқ. Ақтөбеде туып, әртүрлі себептермен әлемнің әр қиырында жүрген азаматтар болып кіндік қанымыз тамған жерде жиналайық деп жатырмыз. Сөзсіз, көңілде аз-маз толқу бар. Туған жердің өзіне тартып тұратын сиқыры болады ғой.

Ұйымдастырушылардан білгенімдей, екі күнге созылатын «Туған жер» республикалық жерлестер форумына жер-жерден 300-ге тарта қонақ келе жатыр екен. Олармен танысып, әңгіме-дүкен құрып, бір кезде қанат қаққан ортақ мекеніміз туралы пікір алысу да қызық болады деп ойлаймын. Бәрінен бұрын, бірталай жастармен кездесулер ұйымдастырылатынына ризамын. Өскелең ұрпаққа көрген-білгеніңді айтып, патриоттық тәрбие беру біле білгенге игілікті іс. Сондай-ақ, ел жақтан сұраныс түскен соң, өзімнің балалық шағымдағы, әскер қатарындағы, жауапты қызметте болған жылдардағы және танымал тұлғалармен түскен суреттерімді, маңызды шаралардан алған естелік  сыйлықтарымды арнайы жөнелттім. Мұндағылар музейге қоймақшы екен.

Біраз жыл бұрын Ақтөбеден қоныс аударғаныммен, бұл жақта туыстарым, бала кездегі достарым бар. Туған інім де осында өмір сүріп жатыр. Жалпы басқа қалада жүрсем де, ақпарат құралдары арқылы Ақтөбенің жаңалықтарын естіп-біліп отырамын. Әрдайым барлығынан хабардар болуға ұмтыламын.

Менің ойымша, үлкен дәрежеге жеткен кәсіпкерлер, ел азаматтары туған жерін ұмытпауы тиіс. Қолдан келсе, өздері өсіп-өнген жерлеріне жәрдемін тигізсе, артықтық етпейді. Мысалы, біз бір барғанда ауылдағы мектебіміздің компьютерлерін жаңарттық, басқа да ұсақ-түйек жұмыстарына көмектестік. Есет батырдың ұрпақтарының бірі ретінде атамыздың кесенесінің құрылысы жұмыстарына атсалыстық. Бұл — біздің туған жердің гүлденуіне қосқан өзіндік үлесіміз. Алдағы уақытта да барынша қол ұшын созуға мүдделіміз. Себебі біздің осындай белеске жетіп, азды-көпті мерейіміздің өсуіне осы туған жердің септігі орасан.

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме: http://www.aktobegazeti.kz/?p=58584

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс