«Халықтық кеңсе» халыққа қызмет етеді.

29.09.2017
Error 2

«Туған жер» республикалық форумына әзірлік аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар орындарды аралады.

Ол жаңа «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жұмысымен танысты. Өз жұмысын дүйсенбі күні пилоттық режимде бастаған жаңа әлеуметтік мекеменің қызметі қазірдің өзінде қалалықтар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Бірінші күннің өзінде орталық 1000-нан астам адамға қызмет көрсетіп үлгерді.

Бұл бірегей жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылды. Оның мақсаты — азаматтардың «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызметтерді сапалы және қолайлы түрде алуын қамтамасыз ету. Жаңа жоба ашықтыққа қол жеткізу жолымен сыбайластық белгілерін азайтуға, қолжетімділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

«Халықтық кеңсенің» іске қосылуымен тұрғындар мемлекеттік қызметті алу үшін әр түрлі сатылардан өтіп жүрмейді. Өтініш берсе, жеткілікті. Мамандар бұл өтінішті тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. Таяу уақытта Құқықтық қызметтер орталығы «Халықтық кеңсеге» қоныс аударатын болады.

Қызметтер көмегін неғұрлым сапалы және толық көрсету үшін «Халықтық кеңседе» 20 ұйымның кеңесшілері мен мамандары орналасатын болады. Мұнда қызметтің 600-ден астам түрі көрсетілетін болады. Онда жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, білім, кәсіпкерлікпен шұғылдану, құрылыс, тағы басқа мәселелер қамтылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақтөбе облысының тәжірибесімен танысу үшін «Туған жер» форумына облыстардың, Астана және Алматы қаласы әкімдерінің орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік органдардың вице-министрлері келетіні белгілі. Осыған байланысты облыс әкімі С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында, өнер музейінде және Қазақстан халқы Ассамблеясында болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру», «Киелі жерлер», «100 жаңа тұлға» секілді бағыттарының жүзеге асу барысымен танысты.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев «Олимп» хоккей модулінде болып, жас спортшылармен, оның ішінде таяуда ғана мәнерлеп сырғанаудан халықаралық балалар сайысында үздік атанған Дарья Вдовинамен сұхбаттасты. Облыс әкімі балаларға бұл заманауи кешеннің өздеріне арнап салынғанын айтып, сондықтан тыңғылықты әзірленіп, жаттығуға ынтамен қатысуға шақырды.

Мақала Ақтөбе газетінің ресми сайтынан алынды.

Сілтеме: http://www.aktobegazeti.kz/?p=58645

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Әсері мол жүздесу болды.

Марат ЗАЙЫРОВ, «Нұрбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. Ақтөбеде өткен « ...

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  ...

Ақтөбе қонақтарын қарсы алады.

28-29 қыркүйекте біздің облыста "Туған жер" республикалық форумы өз жұмысын бастайды.  ...

Жинақтар

  • 26.07.2017
    Қобда ауданы
  • 17.07.2017
    Әйтеке би ауданы
  • 17.07.2017
    Алға ауданы
  • 12.07.2017
    Хромтау ауданы
  • 12.07.2017
    Шалқар ауданы

Кері байланыс