Аудан: Байғанин
(16. 06.1961 ж) Қаражар ауылында туылған. Мамандығы - математик-мұғалім әрі заңгер. Ақтөбе пединституты мен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. Қоғам қайраткері. «Көсеге», «Тілтағдыр», «Ұлт пен ұран» саяси-қоғамдық пайымдар мен жастарға арналған «Алдаспан» өнегелік туынды жазды. Мәдениеттану саласында «Түркілік ін-ен тұжырымы», «Рушежіре» кітаптарының және «Нау мен ырыс» зерттемесінің авторы. Шетел қазақтарын отандастыруға арналған «Бауырластыру тұжырымдамасын», «Қазақы жаңа әліпби тұжырымдамасын» дәйектеді. Республикалық «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсының атқарушы директоры.